jasqazaq.kz

Тіс шұқығыш түбіне жете жаздады (Видео)

27 қантар 2023, 22:31

Ет жеймін деп ажал құша жаздады. Тараз қаласының тұрғыны қазымен бірге ұзындығы 5 см-ге жуықтайтын тіс шұқығышты жұтып қойған. Хәл үстінде жатқан науқастың өмірін дәрігерлер сақтап қалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

54 жастағы азаматтың іші бірнеше күн бойы қатты ауырып, ақыры дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Ақ халаттылар томография арқылы оның іш қуысында жіңішке таяқшаның қадалып тұрғанын анықтаған. Сөйтіп бірден хәлі мүшкіл науқасқа ота жасап, ішекке кіріп кеткен тіс шұқығышты суырып алған. Медицина мамандары пациент дер уағында келіп Құдай сақтады деп отыр. Өйткені оның ішкі ағзасы іріңдеп кете жаздаған. Бір қызығы, 54 жастағы жергілікті тұрғын таяқшаның өңештен қалай өтіп кеткенін білмейді. Бірақ ол төрт күн бұрын соғым алып, ет асып жегенін айтыпты.

Ғабиден Рахымжан, Тараз көпбейінді ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі:

— Ота 40 минутқа созылды. Бөгде заттың ас ішегін тескенін көріп, сол жерден алынды, ішегі тігіліп, ота сәтті аяқталды. Қазір жағдайы орташа ауыр. Бәрі жақсы болып жатса, алдағы уақытта үйіне шығарылады.

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики