jasqazaq.kz

Тіркеуге тұрмаған адамдарға 12 млн теңге айыппұл салынды

30 наурыз 2017, 16:37

Биыл үш ай ішінде Алматы облысының 2013 тұрғыны тіркеуі болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД Көші-қон басқармасының басшысы Елмұрат Нұрсейітов брифинг барысында айтты.

«2017 жылдың 3 айында тұрақты тұрғылықты жері бойынша 72 710 адам тіркелген, олардың 87-сі электрондық үкімет порталы арқылы тіркелген. Ал уақытша тұрғылықты жер бойынша 52 020 адам тіркелген, олардың 632-сі электрондық үкімет порталы арқылы тіркелген. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабына сәйкес, 2013 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 585-і — 492-баптың 1-бөлігі бойынша, 1427-сі — 492-баптың 2-бөлігі бойынша, біреуі 492-баптың 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Жалпы көлемі 12 031 076 теңге айыппұл салынды», — деді Нұрсейітов. Сондай-ақ, 2016 жылы осы бап бойынша 1749 адамның жауапкершілікке тартылғаны айтылады. Tengrinews.kz хабарлағандай, ведомстводағылардың мәліметінше, бүгінде масс-медиа арқылы ақпараттық жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық