jasqazaq.kz

Теміртауда төрт адамды көлік қақты (Видео)

02 қантар 2023, 12:27

Теміртауда жаңа жыл түні төрт адамды көлік қағып кетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға болған сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. ВАЗ 2114 автокөлігі бағдаршамда жасыл түс жанғаннан кейін өтіп бара жатқан төрт адамды қағып кеткен. Видеодан екі ересек адам және екі балаа зардап шеккенін көруге болады. Сонымен қатар, видеодан көлік адамдарды қаққаннан кейін жүргізуші мен басқа куәгерлер де көмекке жүгіре бастағанын көруге болады.

Қарағанды облысының Полиция департаменті өкілдері бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 54 жастағы әйел қатты зардап шеккен. Ол ауруханаға жатқызылған.

«31 желтоқсанда сағат 19.20-да Теміртау қаласында 33 жастағы жүргізуші Абай көшесімен келе жатып жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Салдарынан 54 жастағы тұрғын ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек полицияда тіркелді және қажет сараптамалар тағайындалды. Ол бойынша қажет процессуалдық шешім қабылданатын болады», — деді ведомство өкілдері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Krg Content (@rec_krg)

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді