
Алматы тұрғындары биылғы шыршаның ерекшелігіне бірнеше күннен бері таңырқай қарап, жанында естелікке фотоға түсуден жалығар емес.
Идеяның авторы — Нұрахмет Нұрбол Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген 25KZ Fest фестивалі аясында осы шыршаны жасап, Алматыны тауы мен апортын бейнеледі.
«Қазақстан» қонақүйі мен Республика сарайы алдындағы алаңға орнатылған темір мен винил матадан жасалған жеті метрлік шырша Алматының әсем көркін арттырып, биылғы жаңа жыл мерекесінің символына айналды.

