
АҚШ-тағы президент сайлауының өтуіне алты апта қалғанда екі үміткер алғаш рет бетпе-бет айтысқа түседі.
Елдегі демократтар мен республикашылдардың өкілдері Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп бүгін кешқұрым (біздің уақытпен таңертең) теледебатқа қатысып, өз көзқарасын дәлелдейді. Қарсы жақтың осал тұсын табуға тырысады. Тікелей эфирден көрсетілетін сөз сайысын 75 млн американдық көрермен тамашалайды деген болжам бар. Бұл 1980 жылы Рейган мен Картер арасындағы рекордтық көрсеткішке сәл жетпейді. Ол кезде 80 млн көрермен тамашалаған еді.