jasqazaq.kz

Тасқын су Сауран ауданындағы елді мекендерге қауіп төндіріп тұр

02 ақпан 2023, 12:45

Түркістан облысында су тасқынына байланысты жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетейік, өңірдегі Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында жауын-шашыннан көшелер мен аулаларды су басып жатыр.

Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері аумақтан су арнасын бұру, шығару жұмысын жүргізіп жатыр.

Бұл жұмысқа Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінен 56 қызметкер, 10 техника, 20 мотопомпа жұмылдырылған.

Сонымен қатар, көшелерді, үйлердің ауласын су басу фактісіне байланысты ТЖД жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарлама түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда.

«Бүгін Түркістан облысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын мен қалың қардың еруіне байланысты өзен-көлде су деңгейі көтерілді, содан кейін еңіспен төмен қарай су тасқыны болды. Соның салдарынан Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Ордабасы, Сауран аудандарында аулалар мен көшелерді су алып кетті. Қазір Кентау мен Бәйдібектегі судың деңгейі төмен түсті. Тек Сауран ауданында ғана тасқын су елді мекенге қауіп төндіріп тұр. Ең бастысы су басқан үйлер мен зардап шеккендер жоқ», — дейді Түркістан облысы ТЖД баситығының орынбасары Ерік Сарыбаев.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде