jasqazaq.kz

Тарихи сәт: қазақтың қос қызы финалда белдесті

28 қантар 2023, 12:01

Португалияда өтіп жатқан Гран-при додасының финалдық белдесуінде қазақтың қос қызы татамиге шықты. JQ-Aqparat Португалияда өтетін гран-при додасына елімізде кімдердің аттанғаны туралы бұған дейін де хабарлаған болатын.

Қыздар арасындағы додада Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева
барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып финалға шықты. Қазақстанның дзюдосы тарихында Гран-при додасының финалына қыздарымыз жеткен емес. Міне, сол олқылықты Әбиба мен Ғалия толтырды. Финалда тәжірибелі Әбиба Әбужақынова Ғалия Тынбаевадан басым түсті.


Ерлер додасында 60 келіде сынға түскен Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан, 66 келіде белдескен Сұңғат Жұбатқан, Айболат Ыстыбай іріктеу сынынан аса алған жоқ. Енді өзге балуандарымыздан үміт күтеміз.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді