jasqazaq.kz

Тарифті көтеру – тұтынушының қалтасына түсу

29 маусым 2023, 13:09

Фото: kazlenta.kz

Жылу инфрақұрылымын ретке келтіру үшін 400 млрд теңге емес, 7-8 трлн теңге керек. Мәжіліс депутаты, 2015-2026 жылдары Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетін басқарған Мархабат Жайымбетов Amanat партиясынан сайланған мәслихат депутаттарының республикалық форумының кулуарында осындай дерек айтты.

«Қазақстанда 14 мың шақырым жылу желісі бар. Соның 2 мың шақырымы – жекеменшікте. Бұл – үлкен проблема. Жекеменшік қаржы салмайды, тек мемлекет қана салып отыр. Жекеменшіктегі 2 мың шақырым желінің 77 пайызы тозығы жеткен. Жекеменшік пен коммуналдық меншіктегілерді қосқанда бұл көрсеткіш 54 пайыз болып отыр», — деді ол.

Депутат тиісті комитетті өзі басқарған кезде бұл салаға бюджетттен қанша қаржы жұмсалғанын айтты: «Кезінде Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы комитетін алты жыл басқарғанымды білесіздер. Жүздеген миллиард теңге жібердік. 4-5 жылдың ішінде 300 млрд теңгедей қаржы жібердік-ау деймін. Ол ақшаға тозығы жеткен жердің бәрін жамағанбыз. Ал жекеменшікте қалған жылу-электр орталықтарының бәрі проблемалық нысанға айналған. Мысалы, 37 ЖЭО болса, соның 30-ын қайтадан салу керек. Қолданысқа берілгеніне 50-60 жыл болған. Оның бәрін Үкімет кешенді жоспар құрып шешпесе, шешілмейді», — дейді Мархабат Жайымбетов.

Сондай-ақ ол индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жылу жүйесін реттеу туралы ұстанымына пікір білдірді.
«Ондай кешенді жоспарды іске асыру үшін үлкен қаржы керек. Ондай қаржыны қайдан аламыз? Тариф, халықаралық қаржы ұйымдары, бюджет көзі бар. Тарифті көтерем деген сөз – халықтың қалтасына түсу. Оны 10-15 пайыз ғана көтеруге болады. 400 млрд теңге қазіргі ЖЭО-лардың бірқалыпты жұмыс істеп тұруына ғана жетеді. Халықаралық қаржы ұйымдарынан несие тарту – қымбат. 30 пайыздық несиені ешқандай бизнес алмайды. Сонда бюджеттен қаржыландыру көзі ғана қалады.

Біздің есебіміз бойынша жылу-электр орталықтарын, желілерді жөндеу үшін ғана 7-8 трлн теңге керек. Бұл – үлкен мәселе. Сондықтан біз қайта-қайта күмәнмен қарап отырмыз», — деді Мәжіліс депутаты.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық