jasqazaq.kz

Тараздық тұрғын үй алғанына неге өкінді?

28 қараша 2016, 22:33

taraz

Айтуларынша, ипотекамен берілген пәтерлер жыл өтпей жатып бүлінген. Яғни, алғашқы қардың өзінде төбеден су ағып, қабырғалары көгеріпті. Тіпті, жылу да жөнді берілмей тұрғындар бүрсең қағып отыруға мәжбүр.

Жарнамасы жер жарған су жаңа үйлердің қазіргі сыйқы осы. Төбеден су ағып тұрғындар пәтер ішінде қолшатыр ұстауға мәжбүр. Бөлме ішіне су аққаны өз алдына, қабырғалары да көгерген. Бұған наразы бұқара енді мемлекеттік бағдарлама негізінде баспана алғандарына өкінеді.    Бұл пәтерлерді жалпы саны екі жүзге жуық отбасы биыл көктемде алған. Бүгінде шатырдың сапасыз екені белгілі болып отыр. Яғни үй жабындысы жөнді жабылмай, еріген қар суы ішке аққан. Қабырғалардың да көгеруіне сол себеп дейді. Ал, жылудың жетпей жатқанын тұрғындар түсінбей дал.

Лаура Мұстафаева, Тараз қаласының тұрғыны:

— Батареялары ыстық емес, бесінші қабаттан су кетіп жатыр. Төбенің бәрінде мұз қатып жатыр. Газ қоссақ  терезе буланып кетіп жатыр.

Сумен алысып әлекке түскен жұрт жауаптыларға бірнеше мәрте арыз түсіргенімен көптің жанайқайына құлақ асқан тірі пенде болмаған. Ал, мердігер шатырдың сапасыз жабылды дегені бекер дейді. Айтуынша, жабындыға қатқан мұз балкон арқылы ішке еріп құйылған. Енді мұзды уатып жағдайды реттеп бермек. Ал, қабырғалардың көгеруіне су құбырындағы апат себеп екен. Яғни, ақаудан жылу уақытылы берілмей, көп қабатты үй мұздап қалған.

Шамшидин Розиев, «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС бас инженері:

-Жылуды уақытысында бере алмай қалдық. Жылытып үлгере алмай қалдық, Тұрғындардың сөздерін есепке алып, жәрдем етуге тырысып жатырмыз.

Дегенмен құрылыс компаниясы кеткен кем-кетікті өз қаржыларына жөндеп беруге уәде етті.Тіпті, қалпына келтіру жұмыстарына бүгіннен кіріскен.

ktk.kz

 

Бүгін, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
Бүгін, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции