jasqazaq.kz

Тараздың әкімі ауданды ұмытты

17 қыркүйек 2016, 14:49

Тараз қаласының әкімі бүтіндей бір ауданды ұмыт қалдырды. Осылай деген тұрғындар наразылық танытты. Айтуларынша қала есебіндегі Төрткүл ауданын естен шығарған билік автобустан айырған. Қалада отырып қоғамдық көліктен қағылған халық, балаларымыз мектепке қатынай алмай отыр дейді.

Қалада тұрса да қоғамдық көлікке жарымаған жұрттың жергілікті билікке өкпелері қара қазандай. Жұрт жыларман жағдайымызды ақ жағалыларға айтуындай-ақ айтып келеміз деп ашынады. Бірақ билік бейқам,- дейді.

МАДИНА ДІЛМАНОВА, Тараз қаласының тұрғыны:

— Әкімшілікке үлкен кісілер, тұрғындар бәрі арызданды. Ешқандай нәтиже жоқ. Бір жыл болды, міне.

Тұрғындардың бір жыл күткен бар тілегі біреу. Аты бар да заты жоқ осы көше бойымен жүретін автобус бағытын реттеу. Онсыз да уақытылы келмейтін қоғамдық көлік соңғы үш айда тіпті төбе көрсетпепті. Ел барыс-келістен қағылдық,- дейді. Әсіресе осы аймақтағы мектептің күрделі жұмыстары бітпей, оқушылары шалғайдағы мектепке ауысуы жығылғанға жұдырық боп тиді дейді.

— Балалардың барлығын жеті, сегіз, он балаға дейін жеңіл көлікке мінгізіп алып келеміз. Ондай болмайды ғой. Қазір 41 жыл емес қой. Не деген сұмдық мынау: Осындай болса мен тіпті жібермеймін мектепке

Бүгін де оқушылар аялдамада автобусты екі сағат күтуге тура келді. Келмесіне көз жетіп, күдер үзген балалар тротуар болмаған соң көше бойлап сегіз шақырым жердегі мектепке жаяу кетуіне мәжбүр болды. Бір қызығы бұған жауапты мамандар сенбейді.

ҚАДІРБЕК ЕРМЕКБАЕВ, Тараз қалалық ТКШ бөлім басшысының орынбасары:

 -Сіздің ойыңызша сонда қазір үш мезгіл көлік қатынап жүр ме?

-Ия, қатынап жүр.

-Ал тұрғындар көрмедік дейді ғой?.

-Егер келмейтін болса, тағы айтамын. Сенім телефоны бар, сол телефонмен хабарласса. Ол орынға шығамыз.

Шенділер тұрғындар тағы бір ай күтсе жағдай реттеледі деп сендіреді. Өйткені жуырда ғана бұл бағытқа байқау жарияланыпты. Жеңімпаз компания автобусы бұрнағыдай бір көшемен емес, Төрткүлді түгел айналып шығады деп сендіреді.

31.kz

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды