jasqazaq.kz

Тараздағы жол апатынан отызға жуық адам опат бола жаздады (видео)

01 маусым 2017, 21:22

Тараздағы жол апатынан отызға жуық адам опат бола жаздады. Ауыр жүк көлігі автобуспен соғысып, 24 жолаушы жарақаттанды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Жапа шеккендердің барлығы жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілген. Екі науқас ішкі ағзаларын ауыр зақымдап алса керек. Ал, қалған жолаушылар дәрігер нұсқауымен үйлеріне қайтарылған. Сәкен Жұмашев, №1-ші Тараз қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: №1-ші қалалық ауруханаға 24 науқас жеткізілді. Оның ішінде төртеуіне ота жасалды. Біреуінің кистасы жарылып кеткен. Ол 18 жастағы қыз. Біреуінің оң жақ иығы сынған. Оған гипс салынып, травматологияда жатыр. Ота жасалады. Оқыс оқиға күндізгі сағат ондар шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, апатқа КамАЗ көлігі кінәлі көрінеді. Ол өз жолындағы істемей тұрған бағдаршамның жасыл түсі жанбауына байланысты аз аялдап тоқтамай, негізгі жолға шығып кеткен. Сол кезде өз бағытында келе жатқан №11-ші автобусты бүйірден соққан деседі. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

astanatv.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық