
Таразда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 32 адам эвакуацияланды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Бүгін, 27 желтоқсан күні сағат 1:24-те Тараз қаласының кезекші пультіне Сағындықов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті. Сағат 1:49-да өрт толығымен жойылды. ТЖД күшімен 32 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Өртті сөндіруге 14 адам және 3 техника құрамында ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.Күйік шалған 1930 жылғы әйел ауруханаға жатқызылды (1-2 дәрежелі 15% дене күйігі, орташа ауырлық дәрежесі).
Өрт отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.
Осы орайда, ТЖМ тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
— Электр жүйесін, соның ішінде үлкендерін бір уақытта қоспау;
— Қосылған электр және газ жабдықтарын қараусыз қалдырмау;
— Үйде жанғыш сұйықтықтар мен жарылғыш заттарды сақтамау;
— Балалардың отпен ойнауына жол бермеу қажет.