jasqazaq.kz

Таразда сәбиді 1,5 миллионға сатқан (Видео)

25 қантар 2023, 22:39

Таразда жаңа туған шақалақты саудаға салған ақхалаттылар ұсталды. Қаладағы перзентхана қызметкерлері баланы бір жарым миллион теңгеге бағалапты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

59 және 39 жастағы екі медицина қызметкері тірі тауарды саудалап жатқан сәтте ұсталған.

Жамбыл Сматов, Тараз қаласының прокуроры:

— Анасы баласынан бас тартатын болған. Медицина қызметкерлері оны пайдаланып, пайда табу және өз ниетін жүзеге асыру мақсатында бір жарым миллионға сатылды деп жатырмыз ғой. Ол жерде әрқайсының қаражаттан өз үлесі бар.

Прокуратура бұл істің нақты қалай әшкере болғанын ашып айтпады. Белгілісі, баланы бауырына басқысы келген 39 жастағы әйел Тараз қаласының тұрғыны. Оның жеке басы жайлы өзге мәлімет жоқ. Осы дерек бойынша медицина қызметкерлерінен бөлек, сәбиді алушы да, туған анасы да, делдал да жауапқа тартылады. Екі акушер 12 жылға дейін жазаға тартылуы мүмкін. Олар тергеу қапасында жатыр. Ал тірі тауарға айналған нәресте балалар үйіне жеткізілді.

Гүлайым Мәнібаева, «Үміт» балалар үйінің директоры:

— Бұл бала кеше полиция қызметкерлерімен түнгі сағат 1:33-те бізге түскен. Шамамен 20 күндік балаға ұқсайды. Салмағы 3 келі 420 гр. Денесі таза, денсаулығы жақсы.

Азанда мен өзім кіріп шықтым, жағдайы жақсы. Бүлдіршінге әлі ат қойылған жоқ. Мұндағылар оны «белгісіз жан» деп атап жүр. Түбі жаңа туған сәби осы жерде қалатын түрі бар. Өйткені оның шешесі ана құқығынан айырылуы мүмкін. Ел арасында тірі тауардың анасы 36 жастағы Жамбыл ауданының тумасы екені айтылуда. Және оның бұдан өзге де балалары бар көрінеді. Ол қамауға алынған жоқ. Қолхатпен үйіне жіберілген.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді