jasqazaq.kz

Таразда мүгедектігі бар қызды азаптады делінген әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды

27 қантар, 16:18

Жамбыл облысы Полиция департаменті қамқорлығында болған мүмкіндігі шектеулі қыз бен балаларды азаптау дерегі бойынша Зүлфия Төленованың уақытша ұстау изоляторына қамалғанын растады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігі («Азаптау») және 140-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, екі немесе одан да көп адамға қатысты») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

«Балалар медициналық тексеруден өткізіліп, мамандандырылған балалар мекемесіне орналастырылды. Тағы екі ересек қамқорлықтағы тұлға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жеткізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеліп, нәтижесінде заңнама талаптарына сәйкес тиісті процессуалдық шешім қабылданады», – делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, ұзақ жылдар бойы мемлекет сенім артып, жетім балалар мен мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық жасауға тапсырған Зүлфия Төленованың оларға күш қолданғаны белгілі болды. Әлеуметтік желілерде әйелдің кішкентай қызды шашынан сүйреп, баланы бұрышқа тығып ұрып жатқан видеолары тараған еді.

Тағылған айыптар бойынша Зүлфия Төленоваға 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Сурет: видеодан скриншот

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді