jasqazaq.kz

Танымал режиссер «ақша бопсалады» деп айыптаған Мәдениет министрі Алматыдағы кездесуге келмей қалды

13 шiлде 2016, 23:37

61786
Министр мен режиссер арасындағы үлкен жанжал! Танымал режиссер Талғат Жәнібеков Мәдениет министрін «ақша бопсалады» деп айыптады. «Феникс» фильмі авторының айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы түсірілім жұмыстарын аяқтау үшін бақандай 100 мың доллар талап етіпті. Оны тауып бере алмаған соң фантастикалық триллердің түсірілімі біржолата тоқтап, әртістері тентіреп қалды дейді режиссер. Тұңғышбай Жаманқұлов бастаған шығармашылық топ бүгін қолға түспейтін министрді Алматыдағы кинематографистер жиынына іздеп барды. Киноның қиын жағдай қозғалған осы басқосуда басқа да талай түйткіл ашық айтылды.

Қазақ киносының премьерасы секілді ілуде бір болатын киногерлердің басқосуы бұл. Жиында Парламент құрылғалы қолына ұстап көрмеген «Кино туралы» Заңның жобасы талқылануда. Қазақ мәдениеті үшін аса маңызды жиналысты министрдің өзі жүргізуі керек болған. Бірақ ол бұл жолы да төбе көрсетпеді.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің департамент директоры:

-Министрдің өзі келу керек еді, бірақ өздеріңіз білесіздер, бүгін сәрсенбі жұмыс күні. Сағат 11-де Үкіметтің отырысы бар. Ал әрбір министр Үкіметтің отырысында болу керек.

Оны да сұрап білдік. Сөйтсек, Үкіметте бүгін ешқандай жиын болмаған. Соған қарағанда, министрдің кинематографистермен кездесуге келмей қалу себебі – киногер Талғат Жәнібековпен арадағы жанжал болуы мүмкін. «Феникс» атты фантастикалық фильмін түсіріп біте алмай жатқан режиссер оған Арыстанбек Мұхамедиұлын кінәлауда. Айтуынша, шенеунік киноның жарық көруі үшін конвертпен қомақты қаржы сұратыпты.

Талғат Жәнібеков, режиссер:

-Министр «кино түсіргің келсе кабинетіме конверт алып кіресің» деп сенімді адамынан сәлемдеме айтып жіберді. Талап еткен қаржының көлемі 100 мың доллар.Ондай ақша менде жоқ. Енді іс бітпей, сабылып жүрмін. Мәдениет министріміз біздің осындай!

Тек Қазақстанда ғана емес, АҚШ-та да прокатқа шығуы тиіс отандық киноға халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та түсіпті. Басты рөлдердің бірін сомдаған белгілі актер «ақша бопсалады» деп айыпталып жатқан Мәдениет министрінен ақылға келуін сұрап отыр.

Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР Халық артисі:

-Өкінішті. Өнерпаздардың қанатын қию, арманын тәрк ету. Керек десеңіз қаттырақ айтсақ қылмыс, ал жұмсағырақ айтсақ ұятты нәрсе.

Тек министрлік өзіне шаң жуытар емес. Керісінше, абыройлы адамның арына дақ түсірді деп министрді масқара қылған режиссермен соттаспақшы.

КТК

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық