jasqazaq.kz

Тамызда мұнай өңдеп жарытпадық

13 қыркүйек 2016, 15:15

1102b0b9996e36648d983895c075218b

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2016 жылдың тамыз айында Қазақстанда 1 млн. 283 мың тонна мұнай өңделді. 

Бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға төмен. Бұл туралы «Мұнай және газ ақпараттық талдау орталығы» АҚ баспасөз қызметінен хабарланды.

Айта кетерлігі, орталықтың мәліметтеріне қарағанда, есепті кезеңде елімізде бензин өрдіру — 241,4 мың тоннаны, авиакеросин  – 17,9 мың тоннаны, дизельдік отын өндіру – 395,8 мың тоннаны құраған. Сонымен қатар тамыз айында «ТеңізШевройл» мұнай өндіру көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 50,8 пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіш негізінен екінші буындық зауыттың жоспарлы күрделі жөндеу жүргізуіне байланысты туындап отыр. Зауыттағы жөндеу жұмыстары 1 тамызда басталған. Бұл 45 күнге жалғасады деп күтіледі.

«Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың сөзіне қарағанда, Қарашығанақ кен орнында алдағы уақытта ірі газ өңдеу кешені бой көтеретіні жоспарланған. Мұндай кешен  Қазақстан үшін әлемдік нарықтағы құбылмалылыққа қарсы тәуекелдердің алдын алу құралы болып табылады», –  делінген баспасөз баянында.

 

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық