jasqazaq.kz

Талғарда тау көшті

28 ақпан 2023, 10:42

Алматы облысы Талғар ауданы, Бесағаш ауылына қарасты «Бурабай» коттедж қалашығында жар құлап, топырақ көшті. Құрбандар мен жапа шеккендер жоқ. Әлеуметтік желіде тараған видеода үй орнындай жар опырылып, топырақ коттедждің қоршауына жеткенін байқалады. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті 27 ақпан күні таңғы сағат 09:50-де кезекші пультіне Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы «Бурабай» коттедж қалашығында топырақ көшкіні жүргені туралы хабар түскенін мәлімдеді.

«25-26 ақпан аралығында қар аралас жаңбыр жауып топырақ батпақтанып, нәтижесінде тау баурайынан Баянауыл көшесіндегі екі жеке тұрғын үйді лай көшкіні басып қалды.Топырақ үйлердің бірінің терезесіне зақым келтіріп, ішкі бөлмелерге кірді. Екінші үйдің қабырғаларында жарықтар пайда болды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» ММ, Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жіберілді. Оқиғаның нақты себебін және келтірілген залалды анықтау жөніндегі комиссия құрылғанын» хабарлады ведомство өкілдері.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық