jasqazaq.kz

Талғарда оқушы миы шайқалып, ауруханаға түсті (Видео)

25 қантар 2023, 18:17

Талғар ауданындағы білім беру мекемелерінің бірінде оқушының соққыға жығылғаны видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео авторының айтуынша, оқиға 20 қаңтарда Алматы облысы Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында болған.

«№34 мектепте жоғары сынып оқушылары бесінші сынып оқушысын соққыға жыққан. Олар алдымен мектепте, сосын көшеде ұрған. Директор, оқу ісінің меңгерушісі жедел жәрдем мен полицияны шақырмаған. Баланың анасы оны ауруханаға өзі алып барған. Бұл бірінші рет емес, бір шара қолданыңыздар. Ол үш баланың анасы, жалғыз тәрбиелеп отыр», — делінген видео сипаттамасында.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылындағы Әбідғұлов атындағы №34 мектептің 5-6-сынып оқушылары арасында төбелес болғанын хабарлады.

«Жарақаттанған баланың анасы полицияға арыз жазды. Қазір бала бас миы шайқалған деген диагнозбен облыстық балалар ауруханасында жатыр. Іс Талғар ауданының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиясының қарауына жіберілді. Мектепте түсіндіру жұмыстары жүргізілді», — деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kris P Brothers Almaty (@kris__p__almaty)

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді