jasqazaq.kz

Талдықорғанда атыс қаруы мен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды

20 қантар 2023, 16:12

Талдықорғанда атыс қаруы мен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғанда облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Шығыс шағынауданында қару жасырылған орынды тапты.

Қару-жарақ қоймасы құқық қорғау органдарына келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес анықталды. Сол жерде қарудың тұтас арсеналы – жиналмалы шүйде және екі оқжатарымен бірге Сайга-762 иір ойықты мылтық, 16 калибрлі тегіс ұңғылы шолақ мылтық, ИЖ 79-8 газ тапаншасы, сонымен қатар сақтандырғышы бар РГД-5 гранатасы және әртүрлі калибрлі патрондар тәркіленді.

Дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша СДТБТ-да тіркеліп, ол бойынша тергеу баллистикалық сараптама тағайындалуымен қалалық полицияға тапсырылды.

«Жасырын орыннан табылған қарудың қаңтар айындағы тәртіпсіздікте ұрланған қаруға қатысы бар-жоғы тергеу аясында анықталады»,-делінген хабарламада.

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики