jasqazaq.kz

Талас Омарбеков: «Бұл ұлт-азаттық емес, рулық қозғалыс»

22 тамыз 2016, 18:38

Снимок

Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков «Жас қазақ» газетінің конференциясында мәлімдеді.

Т.Омарбеков:   «Мұстафа Шоқай көтеріліс туралы мақала жазған. Оның мақаласы «1916 жылғы көтеріліс туралы большевиктердің өтірігі» деп аталады. Қазір біз сол өтіріктен  көтерілістің шындығын ашып алған жоқпыз. Мұстафа Шоқай «ұлт-азаттық» сөзін қолданбайды. «Ұлт-азаттық» сөзін қолданып жүрген мына біздер. Меніңше, «ұлт-азаттық» дегеннен арылуымыз керек. Бұл – Патша үкіметіне, оның отаршылдығына қарсы бағытталған ұлттық қозғалыс еді. Ешқандай ұлт-азаттық күрес емес. Мұстафаның мақаласын талдауды жалғастыратын болсам, ол «1916 жылғы көтерілістің баса назар аударатын ең маңызды тұсы қайсы?» деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа 1916 жылғы қозғалыс жалпы алғанда ұлттық қозғалыс еді, онда таптық күрестің елесі де жоқ еді деп жауап береді өзі. Ал енді бізде осы тәуелсіздік кезінде бұл көтерілісті аңызға айналдырдық.  Манаш Қозыбаев 1916 жылғы көтеріліс туралы: «Бұл қозғалыс көтеріліс деңгейінен шығып, революция дәрежесіне көтерілген тарихи оқиға» деп баға берді.

Мәмбет Қойгелдиевтің пікірі бойынша «1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс революция деңгейіне көтерілуі үшін қоғамдағы негізгі саяси күштердің, ең алдымен оның мақсат-мүддесін анықтап, бағыт-бағдар бере алатын интелегенцияның қолдауын алу керек еді» дейді. Хандардаң, батырлардың емес, яғни ұлттық интелегенцияның қолдауы керек екен. Кез келген ұлт-азаттық революцияның түпкі мақсаты болады. Сондықтан, бұл көтеріліс революция бола алмайды дейді.

1916 ұлттық көтерлісті 1917 жылғы ақпан төңкерісінің орын алуын тездетті дейді. Расында солай ма? Біз әлі тарихи шындыққа жеткен жоқпыз.

Бұл – ешқандайда ұлт-азаттық емес, рулық қозғалыс. Қозғалыс күші – қазақ рулары. Неге бытыраңқы болғанының себебі, Қарқара көтерілісі – Албан көтерілісі. Торғайдағы көтерілісте екі хан сайланды. Мысалы, қыпшақтар Әбдіғапарды хан сайлады. Бұл – рулық қозғалыс болғанын айтуымыз керек. Халықты азат етудің орнына олар хан сайлады. Ру-руға бөлінгендіктен, орталықтан басқаратын адам болмады. Яғни, бірлік болмады. Ұлт-азаттық көтеріліс болса, оны неге Алаш азаматтары басқармады. Ал Алаш қайраткерлері бұл көтерілістің ұлт-азаттық сарынға ұласа алмайтынын білді. Қазақтың жеңіске жете алмайтынын түсінді. Бұл жай ғана жергілікті жерлердегі көтеріліс болып қана қалады. «Азаттық» деген сөзді Кеңес үкіметінің тарихшылары шығарған. Ру-ру болып Ресей отаршылдығына қарсы күресті. Бірақ, біріге алмады.

 

Мақаланың толық толық нұсқасын «Жас қазақ» газетінің келесі санынан оқи аласыздар!

14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған