jasqazaq.kz

Таласқа түскен жер мемлекетке қайтарылды

26 қазан 2016, 22:02

Алматының Наурызбай ауданына қосылғалы 100-ден астам баспананың құлатылуына қарсылық білдіріп келген атышулы Шұғыла ауылы тұрғындарының қуанышында  шек жоқ.

gektar-1

Өйткені, бүгіннен бастап «жердің меншікті иесі біз» деп, халықты 4 жылдан бері  зар илетіп келген жеке компаниялар бұл жер телімдеріне енді иелік ете алмайды. Яғни, таласқа түскен жүздеген гектар жер мемлекеттің меншігіне өтеді.  Аудандық сот осындай шешім шығарды.

Жандарына жаққан үкімді естіген халық судьяны залдан қошеметпен шығарып салды.  Өйткені, 153 гектар жердің аяқ-асты иесі бола қалған өзге қожайындармен соңына дейін күрескен халықтың, әсіресе соңғы екі жылда көрмегені жоқ.

– “Қаншама халықты бала-шағасымен қамап, қолын қайырып тұрып, талайы мүгедек боп қалды. Не жерді босатасын немесе күйеуіңді соттаймыз деп қаншауын”, – дейді тұрғын Мәкеш Төлешова.

Кезінде  Қарасай ауданына қарасты колхоз арқылы паймен жер алғандар,  ширек ғасырдан кейін гектарлардың қалайша өзгенің меншігіне өтіп кеткенін әлі түсінбей дал. Сондықтан, халықты зар жылатқан жеке компаниялар мен оларға құжатты заңсыз рәсімдеп берген шенеуніктерде қылмыстық жауапкершілікке тартылу керек деп есептейді.

– “Осы уақытқа дейін осыншама халықты зар жылатып салып қойған үйлерін бұзып далаға лақтырып, балаларын шырылдатқан қылмыскерлер деп айтар едім жаңағы компанияларды барлығы қылмыстық іске тартылуы керек”, – дейді тұрғын Мұратбек Есенғазы.

Тағы бір мәселе бар. Бұл аймақта жаңа әкімшілік нысандар салу мақсатында, 2015 жылы қалалық әкімдік құжаты заңсыз компаниялардан жерді өздері қайтадан  сатып алады.Сөйтіп, жердің жаңа қожайындарына  қазынадан миллиардтаған қаржы бөлдіртіп береді. Енді  желге ұшқан қыруар  қаржының сұрауы кімнен болады? Оған әзірге ешкім бас ауыртып отырған жоқ сияқты.

– “Бұның бәрін тексеру керек. Қаншама ақша үкіметтің қалтасына құйылатын еді ғой. Бұл ақшалармен талай мәселелерді шешуге болатын еді. Тексеріле ме бұл? Кімдер тұр бұның артында. Бұл ақшалар қайда кетіп жатыр? Миллиардттар ғой мынау”, – дейді тұрғын Гүлжанат Қалжырбаева.

Бұл әлі соттың соңы емес. Әкімдік  бар, халық бар, жеке компания бар, әркім өз иелігін растап әлек. Бірақ, « қайыршыға желде қарсының» кебін киген қараша халықта қазір үміттен гөрі, күдік басымдау.

stan.kz

Бүгін, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
Бүгін, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания