jasqazaq.kz

Таксист пен курьер салық төлейді

29 наурыз 2023, 15:52

Елімізде такси жүргізушілері мен курьерлер мемлекетке салық төлеуге міндеттеледі. Олар енді ресми түрде жұмыспен қамтылғандар қатарына жатқызылмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова хабарлады.

«Әлеуметтік кодекстегі жаңалықтың бірі — еңбек нарығын либералдандыру. Бұл өзгерістер негізінен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды әлеуметтік сын қатерлерден сақтандыру, ал тәуекел болған жағдайда әлеуметтік қолдауды қарастырады. Осы мақсатта бұл санаттағы азаматтарды «тәуелсіз жұмыскер» деген атау енгізілді — бұлар табыс әкелетін еңбек қызметімен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркелмеген тұлғалар. Мұндай қызметкерлердің қызметі онлайн-платформалар офертасына қосқан немесе жария шарт жасалған жағдайда ресми жұмыспен қамту деп танылады. Мысалы, онлайн Яндекс платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осындай категориялардағы жұмыскерлерге жататын болады», — деді вице-министр.

Онлайн платформада жұмыс істейтіндер – такси жүргізушілері, жеткізушілер, курьерлер. Олар бүгінде әлеуметтік жағынан қорғалмаған. «Әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда олар үшін әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналары төленбегендіктен, олар әлеуметтік қорғаудан шығып қалды. Әлеуметтік кодекс аясында біз бұл мәселеге үлкен көңіл бөлдік, енді бұл тұлғаларды әлеуметтік қорғау жүйесіне тарту жоспарлануда. Бүгін де Яндекс, Uber және Wolt компанияларымен келіссөздер жүргізілді, олар сол такси жүргізушілері мен курьерлер үшін міндетті әлеуметтік аударымдарды төлейтін болды», — деді Н.Сағындықова.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата