jasqazaq.kz

Тағы бір журналист сенатор болды

16 қантар 2023, 14:51

Орталық сайлау комиссиясы 14 қаңтарда өткен Парламент Сенатына депутаттарды сайлаудың түпкілікті қорытындысын шығарды.

ОСК мәліметінше, республиканың 20 өңірінен 20 мандатқа 55 кандидат дауысқа түсті. 3167 таңдаушының 2904 немесе 91,7 пайызы дауыс беруге қатысты.
Сенаттың жаңа құрамына 3 әйел кірді.

Соның бірі – белгілі журналист, «Бас редакторлар клубының» президенті, Ұлттық Құрылтай төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай.

«20 жылдан астам уақыт Астана қаласында тұрамын. Кезінде микрофон құшақтап, біраз мәселені көтердім. Халықты қандай мәселе толғандыратынын, елдің жай-күйін журналист ретінде, қоғам белсендісі ретінде көріп жүрміз. Оны нақты қалай шешуге болатынын білемін. Сондықтан осы бағытта көп проблеманы шешуге өз үлесімді қоссам деп сайлауға түстім», — деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Бибігүл Жексенбай өз бағдарламасында қалаға қатысты біраз мәселені көтергенін айтты: «Елордамыздың цифрланғанын, әлемдегі ең мықты астаналардың қатарына қосылғанын көргім келеді. Журналист ретінде көптеген мемлекетті аралап жүрміз. Олардың керемет жетістіктері Елордамызда да болғанын қалаймын. Сондықтан бүгін өз таңдауын жасаған мәслихат депутаттарының үміт-сенімін қолымнан келгенше ақтауға тырысамын».
Жаңадан сайланған сенатор журналистердің де мүддесін қорғауға уәде берді.
«Мен 30 жылдан бері журналистика саласында жүргеннен кейін журналистердің мүддесін қорғауға барынша атсалысамын. Негізгі мәселелерін жақсы білемін. Біздің кәсіби тұрғыдан да жетілетін тұстарымыз өте көп. Қоғамның және биліктің журналистке деген көзқарасын өзгертіп, нақты бір шешімдерді енгізуге барынша атсалысамын», — деді ол.

Jas qazaq қызметкерлері Бибігүл Жексенбайдың сенаторлық жұмысына сәттілік тілейді.

Бүгін, 14:04
В Туркестане стартовал «Летний книжный Fest»
Бүгін, 12:41
В Кентау расширяется сфера применения казахского языка
Бүгін, 10:04
Еуразиядағы жаңа әуехаб
09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж