
Түркияның Антакия қаласында іздестіріліп жатқан Мейірболат Құрмашевқа қатысты жайсыз хабар жарияланды. Ақпарат құралдары хабарлағандац, Қазақстаннан барған құтқарушылар жерлесіміздің денесін үйінді астынан тауыпты. Мейірболаттың інісі Алмат Құрмашев Телеграм-каналда “Біз бауырымыздан айырылып қалдық”- деп жазды.
Кеше зілзала аумағында тағы бір отандасымыз Әділ Қадырбековтың денесі үйінді астынан шығарылғанын хабарлаған болатынбыз.
Jas Qazaq марқұмдардың туған-туысқандарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.