jasqazaq.kz

Таблиғшы алтылық қолға түсті

15 наурыз 2017, 18:32


Жақында атыраулық құқық қорғаушылар лаңкестерді дайындап шығарушы алғашқы алаң саналатын «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының ілімін таратушыларды қолға түсірді.

Атырау облысы дін істері басқармасының хабарлауынша, ұсталған алты таблиғшы өткен жылдың қараша, желтоқсан айларында Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында адам санасын улайтын идеясын таратумен айналысып келген.
«Экстремистік ұйымға кіргендер Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген. Дінге жаңа бет бұрғандармен, бейтарап азаматтармен арада тұрғылықты мекен-жайларында жиі кездесу өткізіп тұрған. Кейде тіпті, мешітке келген жамағаттарды да өз араларына тарту фактілері байқалған. Улы идеяны ұстанушылар осындай насихатын Атырау өңіріндегі Жылыой және Индер аудандарында да өткізбек болған. Олар қаңтар айында қолға түсті. Қазір тергеу жүріп жатыр» делінген жоғарыда аталған дін істері басқармасының хабарламасында.
Ұсталғандардың тұрғылықты жерін тінту кезінде олардан ел аумағында таратуға тыйым салынған түрлі әдебиеттер табылды. Бұл алтылықтың бұған дейін Үндістан, Пәкістан, Қырғызстанда болып, арнайы дайындықтан өтіп келгендерін де айта кеткен жөн. «Меймандарға» жергілікті таблиғшылар бар жағдайды жасапты. Тергеудің құпиялылығына байланысты, олардың есімі аталмай отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық