jasqazaq.kz

Таба нанға телефон жасырған әйел құрықталды

01 ақпан 2023, 21:59

Алматы қаласындағы Тергеу изоляторында жатқан танысына сәлем-сауқат әкелген әйел таба нанның арасына бес телефон жасырып әкелген. Бұл туралы JQ-Aqparat Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
№72 мекеменің күдіктілер мен сотталғандарға әкелген сәлемдемені қабылдау орнында бақылаушылар әр затты мұқият тексереді. Онда сәлемдеме әкелушілер үшін арнайы тақта орнатылып, бас бостандығынан айыру орындарына тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті үшін қолданылатын жаза айқын жазылған.
Соған қарамастан бақылау пунктінде сәлемдемелердің ішінен тыйым салынған заттарды анықтау фактісі күн сайын тіркеледі. Ал бес бірдей телефонды өткізбекші болған 1988 жылы туған әйел Алматы қаласының тұрғыны. Оның танысы Ж. деген азамат ҚР Қылмыстық кодексі 190 бабының 3 бөлігімен, яғни ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін айыпталып, Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының үкімімен 2023 жылдың қаңтар айында 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Аталған факті бойынша Алматы қаласы Түрксіб аудандық полиция басқармасы алдын ала тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде