jasqazaq.kz

Тағы да лифт құлады (видео)

11 мамыр 2017, 16:21

Астанада куәгер тағы бір лифтінің құлап кеткені жайлы айтты. Оның айтуынша, төтенше жағдай бұл жолы «Успех» тұрғын үй кешенінде болған. «Біз түскі үзілістен кейін шыққан едік.

8-қабатта лифтке бір жігітпен кірдік. 3-қабатқа жеткен кезде лифт бірден 1-қабатқа түсіп кетті. Содан біз жекеменшік пәтер иелерінің кооперативіне қоңырау соқтық, 40 минуттай күттік. Сосын лифтші келді», — деді куәгер Зере Мәдиева. Сондай-ақ, ол соңғы аптада тұрғын үйде тек бір лифтінің жұмыс істегенін айтып өтті. «Біздің үйде екі лифт бар. Біреуі соңғы апта жұмыс істеген жоқ, қоңырау соқпаған жеріміз қалмады. Әлі өтініш қалдырған жоқпын. Не істерімді білмей тұрмын, әлі дірілдеп тұрмын. Бұл оқиға осыдан 15-20 минут бұрын ғана болды», — дейді куәгер. Оның айтуынша, бұл үйге «Сәттiлiк» ЖШС компаниясы қызмет көрсетеді. «Жекеменшік пәтер иелерінің кооперативіне бардым. Олар біздің көп шағымданатынымызыд айтты. Өзімді жаман сезіндім. Біреуі де жедел жәрдем шақырған жоқ», — дейді куәгер. Еске салайық, 13 сәуірде «Эдем Палас-2» тұрғын үй кешенінде ішінде 7 адамы болған лифт құлап кеткен еді. Абырой болғанда, сол жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ, кейін елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлаған. Ал 21 сәуірде дәл сол тұрғын үй кешенінде үйдің бір тұрғыны мінген лифт 17-қабаттан құлады. Қосымша арқан ғана құрылғыны 8 қабатта тоқтатуға мүмкіндік берген.

https://www.youtube.com/watch?v=hHjDk2nioaA&feature=youtu.be

https://www.youtube.com/watch?v=JinphdmNQbw&feature=youtu.be

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық