
Солтүстік Атлантикалық соғыс одағы (НАТО) Черногорияны ресми түрде өз қатарына шақырды. Әлемдік ақпарат құралдары хабарлағандай, Кеше Брюссельде НАТО басшылары мен Балкандағы осы елдің премьер-министрі Мило Жуканович мүшелік жөніндегі хаттамаға қол қойды.
Енді НАТО құрамындағы 28 елдің парламенті осы құжатты мақұлдаса, Черногория одақтың толыққанды мүшесі атанады.
Түбі, тілі бір елдің Батыс мүддесін қорғайтын ұйымға кіруі Ресейге жайсыз тиді. Елдің сыртқы істер министрі «достас елге санкция салынуы мүмкін» екенін ескертті.