
Павлодарлық үш жасар Артур өзінің төртке толған туған күнін шұңқырда қарсы алды. Ол бірнеше күн бойы нәр татпаған және қатты салқын тиген, деді бүгін облыстық балалар ауруханасында. Балаға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Кішкентай Артур ата-анасынсыз далада жүрген.

Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша, оның анасы бұл уақытта алкогольдік ішімдік ішкен деп жазды ҚазАқпарат. Бүлдіршін қала сыртындағы терең шұңқырға түсіп кетіп, шыға алмаған. Полиция, кинологтар мен 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оны тек бүгін, таңғы сағат тоғызда тапты. Бала кеше терең шұңқырда болған кезінде төрт жасқа толды. Баланың жоғалғаны туралы кеше сағат 21:00-де бүлдіршіннің өгей әкесі — анасының бірге тұратын жолдасы хабарлаған. Артурды іздеуге барлық күш тартылды. Оны таңғы сағат тоғызда әскери-техникалық мектептік автодромындағы шұңқырдан тауып, ауруханаға жеткізді.

