jasqazaq.kz

Түркияда жарылыстан жараланғандар саны 48-ге жетті

13 қыркүйек 2016, 11:03

Түркияның Ван шаһарында жарылыстан жараланғандар саны 48-ге жетті. Екі адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Осыған дейін 11 адамның жарақат алғаны хабарланған. Жарылыс дүйсенбі күні таңертең орын алды.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, жарылғыш зат салынған көлік биліктің Әділет және даму партиясының аймақтық кеңсесінің жанында жарылған. Оқиға орын алған маңайда полиция бөлімшесі де орналасқан. Жарақат алғандардың ішінде екі полиция қызметкері де бар.

Әзірге терактінің артында кім тұрғаны белгісіз. Бірер күн бұрын Түркия билігі күрдтер орналасқан 28 ауданның басшылығын қызметтерінен алған. Жұмыстан қуылған шенеуніктер Күрдістан жұмысшылар партиясымен байланысы бар деп айыпталды. Аталған партияны Анкара мен бірқатар Батыс елдері террористік ұйым деп есептейді.

Бұл өзгерістер күрд халқының наразылығын туғызған.

Соңғы айларда Түркияның оңтүстік-шығысында жарылыстар жиі орын алуда. Ел билігі жарылыстарды Күрдістан жұмысшылар партиясы жасап отыр деп санайды.

365info

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық