
Түркия президенті Режеп Тайып Ердуан жаңа үкіметтің құрамын бекітті. Башбақан (премьер-министр) Бинәли Йылдырым ұсынған тізімдегі 21 министрдің біреуі әйел. Ахмет Дәуітоғлының орнына келген Бинәли Йылдырым бұрынғы үкіметте көлік, теңіз және коммуникация министрлігін басқарды. Ол екі күн елдегі билеуші әділет және даму партиясының құрылтайында бірауыздан осы ұйымның жетекшісі болып сайланды. Түркиядағы заң бойынша, парламент сайлауында жеңіске жеткен партияның төрағасы үкіметті басқарады.
Айта кеткен жөн, Р. Ердуанның күйеу баласы, бұған дейін энергетика және табиғи ресурстар министрі болған Берат Албайрақ өз қызметінде қалды.