jasqazaq.kz

Түркия Қарулы Күштері: Әскери төңкеріс дәуірі аяқталды

16 шiлде 2016, 15:57

Қаруын тастаған бүлікшілер

Түркия Қарулы Күштері Бас штабы елде болған әскери төңкеріс әрекетіне тойтарыс беріліп, ахуалдың тұрақтала бастағанын хабарлады.

Қарулы Күштердің жоғары лауазымды өкілі Үміт Дүндар баспасөз мәслихатын өткізіп, елдегі бүліктің күшпен бастырылғанын жария етті. Ол әскери төңкеріс әрекеті кезінде тұрғындарға оқ жаудырылып, парламент және бірқатар мкемелердің ғимаратына бомбалы шабуыл жасалғалғанын атап өтті. Нәтижесінде 90 адам көз жұмған. Бұлардың 41-і полиция, 2-і әскери қызметкерлер. Үміт Дүндар Қарулы Күштердің түрлі буындарын жайлап алған бүлікшілдер мен жікшілдердің әшкереленіп, жауапқа тартылатынын айтты. Ол бүлікшілдерің теріс ниеті халықтың ауызбірлігінің арқасында іске аспағанын айта келе, ел тұрғындарына ризашылығын білдірді.

Үміт Дүндар Түркияның осы жолғы қантөгістен сабақ алып, енді әскери төңкеріске жол бермейтінін мәлімдеді.

Түрік ақпарат құралдарының соңғы хабарына қарағанда, бүлікшілер әскери теңіз флотының қолбасшысы Вейсел Көселені бір кемеде кепіл ретінде тұтқында ұстап отыр. Ал Бас штаб ғимаратына бекінген төңкерісшілер билікпен келіссөз жүргізгісі келетіндерін білдірді. Сондай-ақ, Түркия премьер-министрі Бинәли Йылдырым бүлікте қаза тапқандардың саны 161, ал жаралылардың 1400-ге жеткенін хабарлады. Әскери төңкеріс әрекетінде болған Қарулы Күштердің 2839 қызметкері қамауға алынды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық