jasqazaq.kz

Түрік қолбасшыға саяси баспана берілмеді

18 шiлде 2016, 16:32

NATO

АҚШ НАТО-ның Түркиядағы әскери базасындағы қолбасшыға саяси баспана бермеді. Түріктің «Анадолу» агенттігінің «Нью- Йорк Таймс» газетіне сілтеме жасай отырып жариялаған хабарында НАТО-ның Інжірліктегі базасында қолбасшы генерал Бәкір Ержан Ванның Түркиядағы әскери төңкеріс әрекеті сәтсіздікке ұшыраған соң АҚШ-тан саяси баспана сұрағаны айтылды. Бірақ ресми Вашингтон бұл өтінішті қанағаттандырмаған. Агенттік генералдың кеше тұтқынға алынғанын хабарлады.

Бұған дейін түрік басылымдары әскери төңкеріс әрекеті кезінде F-16 жойғыш ұшақтарына Інжірліктегі әскери базадан келген әуе кемелерінің аспанда жанар-жағар май құйғанын жазып еді. Парламент және кейбір мекемелердің ғимаратын бомбалаған осы жойғыш ұшақтар соның арқасында көп уақыт бойы ұшып жүруге мүмкіндік алған. Өткен сенбі күні Анкара Інжірлік базасының қызметін бірнеше сағатқа тоқтатты.

АҚШ пен оның одақтастары Інжірлік әскери әуе базасын Ирақ пен Сириядағы операция үшін пайдаланып келеді.

АҚШ Түркиядағы әскери төңкеріс әрекетіне өзінің қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық