
Төрешіні балағаттағаны үшін FIFA испаниялық «Барселона» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді ойыннан шеттетуі мүмкін.
Оқиға 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Чилимен ойын кезінде (1:0) болған. FIFA ойында қызмет көрсеткен төрешілер тобына сауал жолдады, алайда, төрешілердің барлығы намысқа тиіп, кеміту болмағанын айтады. Дегенмен FIFA төрешілер жағдайды растамаса да, футболшыны ойыннан аластатуға құқылы. Месси құраманың алдағы 2 немесе 4 ойынына қатыспауы мүмкін. Осылайша, ол іріктеу аясында Боливияға қарсы ойынға қатыспай қалу қаупі бар.