jasqazaq.kz

Тұрғын: Мектеп директоры жас ұстаздарды төсек қатынасына сүйрейді, дәлеліміз бар (видео)

17 сәуiр 2017, 17:08

Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Қайназар ауылындағы білім ордасында жан түршігерлік жайттар орын алуда. Тұрғындардың сөзінше, 2016 жылы 36 мұғәлім қызметінен кетіпті. 

Мектеп директоры Табыс Абайхановтың үстінен қараша халық құзырлы орган қызметкерлеріне сан мәрте арыз-шағымдарын жазған. Алайда осы уақытқа дейін еш нәтиже шықпады деп отыр .

Ауыл халқы тура осы мектептің басшылығын бір әулеттің азаматтары жекелеп алған. Бірінен кейін бірі басқарып, берекесін қашырды деп отыр. Олардың қалауы мектепті білімді, ұятты жоғары қоятын азаматқа басқарту. Сол кезде ғана балаларымыз дұрыс тәрбие алып, білімді адам болып өседі дейді жұрт.

Бұл туралы Stan.kz сайтының тілшісіне ауыл тұрғындары айтып берген.

Ауыл тұрғыны Зәуреш Чужинованың сөзінше, мектеп директоры кейбір жас мұғалімдерді төсек қатынасына шақырған. Бұл туралы директордың өзінен сұрамақ болғанымызда ол кісі жұмыс орнында болмай шықты.

Бүгінде Шоқан Уалиханов атындағы мектепте 800 оқушы екі ауысыммен білім алады. Ата-аналар мектеп басшысы математика пәнінің мұғалімі болғанымен, оқушыларға дұрыс білім бермей жатыр деп айыптайды.

Бес мыңға жуық тұрғыны бар Қайназар ауылындағы жалғыз мектептің басынан кешіп отырған жағдайы осы. Әділдік іздеген жұртшылықтың ендігі ойы еліміздің бас прокуратурасына шағымдану.

https://www.youtube.com/watch?v=vp7U8N4zuCM&feature=youtu.be

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық