jasqazaq.kz

«Ң»-сыз журналист

31 қантар 2017, 9:32

Қолыма қалам алуыма теледидардан көрсеткен бір спорттық бағдарлама түрткі болды. Күнделікті күйбең тірлікте үйдегі көк жәшікті қарауға уақыт таппайтынымыз рас. Дегенмен, ұлттық намыс сынға түсіп жатқан додаға құлақ түрмеу мүмкін емес еді. Әлқисса, айтатын ойымызға оралайық. Спорттық шараны дүйім халыққа хабарлап жатқан әріптесімнің аяқ асты «шын ғашықтық» туралы шырылдап қоя бермесі бар ма? Құдай-ау, спорт пен шын ғашықтықтың қандай қатысы бар еді? Елең еттік. Шын ғашықтық туралы бірнеше қайталағаннан кейін ұққанымыз – журналист әріптесіміз спортшылардың шыҢға шыққанын айтып тұр екен ғой..

… Жалпы қазір теледидар болсын, радио болсын, Ң әрпін айтпау үрдіске айналып барады. Тілінің аздап мүкістігі бар адамдарға ештеңе емес-ау, кәдімгі кәсіби тілшілердің жаппай Ң-ды айта алмауына не себеп?!

…Студентпіз. Ақтөбенің журналистикасын бітіргендер түсінеді, Аманғали Сәтер деген ағайымыз болатын. Марқұм семестр бойы жылы жымиып жүріп, сессия кезінде шөміштен қысып, алқымнан алатын. Тапсырған мақалаңнан бір әріп қате кетсе, бір сөз өз орнымен жазылмаса, бір үтір артық қойылса, бітті. Сессиядан құладым дей бер. Сынақты қайта тапсыру үшін алатын тапсырмаң – очерк жазу немесе тобыңдағы бір студенттің имиджін жазуың керек. «Осы очерк, имидж, фельетон деген не үшін керек?» деп ішімізден бұрқ-сарқ қайнап алғанмен, амал жоқ. Сынақ тапсыру үшін не істемейсің? Амалсыз очерк, имидж, фельетон жанрларын бағындыруға кірісетін ек…

Мұның бәрін айтып отырған себебім, сол марқұм ағайымыздың қаттылығынан фельетон, очерк, имидждік мақала, сұхбат, сараптамалық талдау дегеннің не екенін миымызға құйып алдық. Мектепте ұмытып кеткен орфоэпия мен орфография заңдылығын қайта оқыдық. Темірдей талаптың арқасында, қазір сауатты жазуға, ойлауға машықтандық. Қазір эфирді жаулап алған сауатты «сақауларға» да қойылатын талап мықты болу керек сияқты, меніңше. «Ң әрпіне тілің келмей ме, эфирге шықпайсың» деген талап болса, теледидар жұлдыздары шетінен ҢӨҢ (айсберг) сөзін анық айтып кетер еді деп есептеймін.

Екіншіден, бұл қазір кітаптың аз оқылатындығының көрінісі. Кітапты көп оқитын адамның миында сөздің, әріптің дұрыс жазылуы өзінен – өзі жатталып қала береді. Кітапты көп оқитын адам саналы түрде шатаса алмайды. Ң әрпін ң, қ әрпін қ деп оқиды. Ң әрпін айыра алмайтын журналистер прозопагнозия дертіне шалдыққандар болуы мүмкін. Бұл дерттің не екенін кітаптан оқып аларсыздар, құрметті оқырман!

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, қандай да бір қателікке ұрынбау үшін, елге күлкі болмау үшін КІТАП ОҚИЫҚ.

Индира Кереева

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық