jasqazaq.kz

Сырдария өзеніндегі ахуал туралы

07 наурыз 2023, 19:41

Жалпы бүгінде облыс аумағына Сырдария өзіні арқылы секундына 778 текше метр көлемінде су түсуде.
Ағымдағы жылы 21 ақпаны 4 наурыз аралығында Жанақорған, Шиелі аудандары, Қызылорда қаласы және Сырдария, Жалағаш аудандарының өзен бойындағы елді мекендердің аумағынан сеңнің қауіпсіз жүруін жетелеудің нәтижесінде төтенше жағдайсыз өткізілді.
Дегенмен, су өзен арнасынан асып, Қармақшы ауданы, Қызылтам елдімекені тұсындағы Далдабай, Қызылтам жолының су басу қаупі бар аумағына су жайылған. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін облыстық маңызы бар “Жалағаш-Жосалы” бағытындағы (Жосалыдан 43 км, Жалағаштан бері 31 км, Далдабай мен Қызылтам елді мекендерінің арасы) жол уақытша жабылды. Су алу аймақтарындағы шаруашылық иелерінің мүліктеріне, тұрғын жай ғимараттарына т.б. зақым келмеген.
Елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ. Қазір жауапты салалармен арнайы жұмыстар жүргізіліп, жағдай толық бақылауға алынған.
Аталған жол — екі елді мекенді байланыстыратын жол екенін еске саламыз. Қызылтам елді мекеніне Қармақшы және Далдабай елді мекеніне Жалағаш ауданы жағынан баратын ішкі жол бар. Сол себептен оның үлкен жол қатынасына кедергі келтірмейді. Ал, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автожолы ашық, қалыпты жұмыс жасауда.
Айта кету керек, ү.ж. 25 наурызға дейін Арал ауданынан мұз толықтай жүріп өтетіні болжануда.
Бүгінде су басу қауіпі бар аймақтарға арнайы техника, күш-құралдары бар жауапты мекемелер бекітілді (29 су басу қауіпі бар аймаққа 136 мекеме бекітілген. Оларда 368 арнайы техника және 1 083 адам күші бар).
Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлар қажетті көлемде қалыптастырылды. Ықтимал су тасқыны кезеңінде халықты көшіру пункттері дайын.

Сондай-ақ, тиісті сала мамандарымен («Қазгидромет» және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалдары) Сырдария өзені арнасындағы 10 су бекеттері мен 4 су тораптарында су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізілуде. Елдімекендерге ешқандай қауіп жоқ екендігін тағы да назарға саламыз.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде