jasqazaq.kz

Сый жасаймын деп сазға отырғызып кеткен

10 қантар 2023, 15:27

Түркістан облысында зейнет жасындағы қарияны алдап онлайн тауарлық несие рәсімдеген күдікті ұсталды деп хабарлайды JQ-aqparat Polisia.kz-ге сілтеме жасап.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданады. Қария өзінің атынан келген айыппұлды қалта телефонындағы бағдарлама арқылы өтеуге көмек сұрап бейтаныс адамға телефонын ұсыныпты. Сайтаны түрткен жігіт дәрменсіз қарияның айыппұлын төлеу үшін көмек көрсеткен болып, оның атынан 400 мың теңгеге тауарлық несие рәсімдейді. «Аталған жайт» Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді. Арызданушының шағымына сәйкес орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары іс-шараларды жүргізді. Атқарылған тиянақты жұмыс нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. «Ол — жұмыссыз жас жігіт, жергілікті тұрғын» дейді түлкібастық полицейлер. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің тергеушілері күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын да анықтайды.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді