
Өткен жылдың 15 наурызынан бүгінге дейін Ұлттық тұтынушылар лигасына 4189 адам жүгінді. Тұтынушыларға қайтарылған залалдың жалпы сомасы 246 698 031 теңгені құрады. Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Романовская осындай мәліметтерді келтірді.
Ал өтініштердің 99 пайызы сотқа дейінгі тәртіппен «Ұлттық Медиаторлар Палатасы» РҚБ және Төрелік соттың көмегімен шешіледі. Бұл тұтынушы мен кәсіпкер арасындағы дауды өзара тиімді шешу арқылы қаржы мен уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ұлттық тұтынушылар лигасына шағым шағым айтушылар көбіне мынадай мәселелер бойынша жүгінеді:
— сапасыз техниканы сату – 31,7 %;
— электрондық сауда саласындағы бұзушылықтар – 14,6 %;
— көрсетілген мерзімде қызмет көрсету/жұмысты орындау шартын сақтамау – 12,5 %;
— сапасыз жиһаз жасау бойынша – 8,6%;
— тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі қарастыру тәртібін бұзу – 4 %;
— сапасыз медициналық қызмет – 3 %;
— азық-түлік бағасының өсуі немесе көрсетілмеуі – 1 %;
— өзге себептер – 23,3 %.
Светлана Романовскаяның айтуынша, тұтынушылық дауларды болдырмаудың негізгі тәсілі, сондай-ақ туындаған күннің өзінде оны тиімді шешу үшін тұтынушыларға білім беру, өз құқығын қорғау саласында білікті кадрларды дайындау қажет. Осы орайда ҰТЛ РҚБ еліміздегі өңірлік жоғары оқу орындарының оқытушыларын тұтынушы құқығын қорғау жөніндегі қоғамдарды көптеп ашу және солардың негізінде жұмыс істеу мақсатында «Тұтынушылардың құқығын қорғау» пәніне оқыту бағытында жұмысын бастады. Бұл жоба аймақтардағы тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі ұйымдардың оларды бірыңғай тұтынушылық дауысқа біріктіру үшін әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп ҰТЛ РҚБ өз қызметін әр қалаларда жүзеге асырады, тұтынушылармен қоян-қолтық жұмыс істейді.

«Бұл жоба тұтынушылардың құқығын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз әрі сапалы тауарлармен (қызметпен) қамтамасыз ету шараларын нақтылауға және түсіндіруге бағытталды», — дейді С.Романовская.
Бағдарлама аясында ЖОО оқытушыларына үш күндік семинар ұйымдастырылады. Айта кету керек, бағдарлама еліміздің Конституциясы, 2010 жылғы 4 мамырдағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң және тұтынушы құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастрады реттейтін басқа да нормативтік-құқытық актілер негізінде әзірленді.
Бүгінде өкілдіктер Алматыда – Каспий қоғамдық университеті, Қарағандыда – Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Өскеменде – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде жұмыс істейді. Биыл тағы 10 өңірде осындай өкілдік ашу көзделіп отыр.
Светлана Романовскаяның айтуынша, Ұлттық тұтынушылар лигасы өз жұмысын әрмен қарай белсенді түрде жалғастырады. 2000 жылдан бері Consumer International тұтынушылар құқықтарын қорғау халықаралық ұйымының мүшесі бола отырып, «Экологиялық таза энергияға көшу арқылы тұтынушылардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» ұранымен жұмыс істеп келеді. Биыл ҰТЛ РҚБ экологиялық таза өнімге көшудің артықшылықтарын көрсетуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Тұтынушылардың құқықтық сауатын арттыру үшін дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіледі.
Ұлттық тұтынушылар лиғасының төрайымы өскелең ұрпақтың денсаулығына бейжай қарамайтын ұйым ретінде вейппен байланысты жоба шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратынын жеткізді. Светлана Романовская бұл мәселеге қатысты былай деді: «Жүргізілген зерттеулер тауардың осы түрін сататын сауда нүктелерінің шамамен 25 пайызы темекі өнімдерін ашық қоюға тыйым салу туралы норманы бұзады. Әлбетте, бұл бағытта үлкен жұмыс жүргізілді. Оның нәтижелері – стандартты қабылдау, кедендік код өзгертілді, акциздер енгізілді. Алдағы 31 наурыздан бастап бір реттік вейптерді таңбалау нормалары күшіне енеді. Соған қарамастан, 2022 жылы құқық бұзушылықтың осы түрі бойынша тек 2 әкімшілік іс тіркелді. Ал қоғамдық ұйымдар тарапынан қадағалау органдарына үнемі шағым түседі. Дүкендерде вейптердің емін-еркін сатылуы өскелең ұрпақтың денсаулығына орасан зиян келтіретіні аян. Мәселен, вейп көзге үйреншікті далап түрінде сатылады. Ата-ана «біз балаларға далапты неге сатып аласың» деп ұрсып жүрсек, одан сорақы вейп болып шықты» деген шағым айтады».
Қалай болғанда да, уәкілетті органдар қадағалауды күшейтуі тиіс.
ҰТЛ РҚБ биылғы 28 сәуірде Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күнін салтанатты атап өтуге дайындық үстінде. Бұл күні Каспий қоғамдық университетінде (Алматы қаласы, Достық даңғылы 85а) «Мінсіз» Халықтық сапа белгісімен марапаттау рәсімі өткізілмек.
Наргүл Мырзахмет