jasqazaq.kz

Суда қалған 100-ден аса киік құтқарылды

16 наурыз 2023, 12:05


Көктемдегі қызыл су еліміздің әр аймағында әбігерге салып жатыр. Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында жүзден астам киік судан шығарылды. «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ұлан Мамырбаев Ақпәтер ауылдық округінде Қараөзеннің мұз көбесі сөгіліп, ағыс күшейген соң киіктердің су ортасынан шығуы киындағанын айтты.

«Аталған жайт бойынша резерват қызметкерлері «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, аудан әкімдігінің өкілдерімен бірге оқиға орнына жедел жетіп, мәселені анықтады. Қызметкерлер мұз үстінде жүрген киіктердің аман өтуіне көмектесті. Сын сәтінде киіктердің мұз үстінде қалғаны немесе шығынға ұшырағаны туралы дерек тіркелген жоқ», – деді Ұ.Мамырбаев.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті