jasqazaq.kz

Спортты дамыту тұжырымдамасы талқыланды

16 ақпан 2023, 9:09

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте елімізде дене тәрбиесі мен спортты өрістетіп, туризм саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында қамтылған жобалар талқыланды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңесте баяндама жасаған мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов тұжырымдамада азаматтарды оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарды да дене тәрбиесіне баулып, спортпен тұрақты түрде шұғылдануына мүмкіндік жасау, жоғары кәсіби спорттық резервті қалыптастырып, жоғары жетістіктер спортын дамыту мақсатында жүзеге асырылатын шараларды баяндады.

Тұжырымдамада айтылғандай «қалаларда қолжетімді жерлерден жаңа спорттық инфрақұрылымдық нысандарды (жүгіру және велосипед жолдары, спорттық алаңдар), өңірлерде бұқаралық спорт орталықтары мен ауылдық жерлерде модульдік спорт ғимараттарын салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қатысуға ниет білдірушілерді кеңінен тартып және өткізілу кестесін медиа кеңістікте хабарлай отырып, спорттық-бұқаралық шаралар мен спартакиадалар өткізуге де назар аударылатын болады».
Кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов: «Қазір көптеген қалаларда үйлердің аулаларында балалар мен ересектер дене тәрбиесімен шұғылдана алатын спорт алаңдары пайда болып жатыр. Бұл – ел ішінде кеңінен таралып жатқан жақсы тәжірибе. Біз базалық спортты бәріне бірдей қолжетімді ету үшін осындай ғимараттар тұрғызуды жалғастыра беруіміз керек», — деді.

Үкімет отырысында келесі жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасына дайындық, 2026 жылы Милан қаласы қабылдайтын қысқы Олимпиада ойындарына әзірлік барысы да талқыланды.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата