
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Олимпиада ойындарының бағдарламасына спорттың бес түрі – каратэ, серфинг, құзға шығу, скейтбординг пен бейсбол/софтболды қосуды қолдады, – деп хабарлайды Vesti.kz «Спорт-Экспресс» басылымына сілтеме жасап.
Сондай-ақ спорттың бұл түрлерін 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу жоспарланып отыр. Алайда соңғы шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті 3 тамызда айтады.
Айта кетейік, бейсбол 1992-2008 жылдар аралығында, ал софтбол 1996-2008 жылдар аралығында Олимпиада ойындарының бағдарламасында ресми түрде болған екен. Еске салайық, 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 5-21 тамыз аралығында өтеді.