jasqazaq.kz

Сотталғандардың құқығы кеңейе түспек

17 наурыз 2023, 11:49

Президент Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды деп хабарлады Ақорда.

Аталған заң құқықтық сяси реформаларды жүзеге асыру арқылы азаптау, қорлаудың түрлерін жоюға, осыған қатысты халықаралық нормаларды заңнамаға енгізуге, сотты болғандардsң құқығын шектей бермей керісінше, ұлғайтып, жазасын өтеушілердің арасында теріс субмәдениеттің қалыптасуын бөгеуге бағытталған жұмыстардsң жалғасы болып саналады.
Жаңа заң бойынша енді қатігездік танытып, адамның қадір-қасиетін қорлайтын болса, жауапкершілікке тартылады. Азаптау мен қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары да күшейтіледі.

Одан бөлек сотталғандарға бірнеше құқықтық басымдық беріледі.
Мысалы ауыр сырқатқа шалдыққан жағдайда оларға жазаны өтеу мерзімін кейінгі қалдыру құқығы беріледі, яғни сотталған адамға медициналық мекемеде шұғыл ем алуға мүмкіндік туады; сотталған адамды ауыр дертке шалдығуына байланысты жазасын өтеуден босату туралы сот шешімі дереу орындалады (бұрын сотталғандар соттың шешімі заңдық күшіне енгеннен кейін ғана босатылатын); сотталған әйелдер мен олардың балалары арасындағы әлеуметтік байланысты сақтау үшін оларға өз балаларын колонияда қалдыруға рұқсат ету мерзімі 3 жылдан 4 жылға ұзартылды.

Бұдан былай бірінші рет сотты болған адамдар жазасын бұрын сотталғандардан бөлек өтейді. Осылайша заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру мүмкіндігі арта түспек.
Жаңа заңның мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата