jasqazaq.kz

Солтүстікте жастарға жұмыс көп

09 қыркүйек 2016, 16:11

20160909124906

«Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша еңбек күші тапшы аудандарға 20 мыңға жуық адам көшірілді.  Бүгін Ақордада өткен  Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы  осылай деді.

«Еңбек ұтқырлығы бойынша  жұмыс беруші мен жұмысшыларға бірін-бір табуға көмектесу  қажет. Осыған байланысты біз «Серпін» деген жобаны іске асырып жатырмыз. Ол халық тығыз тұратын өңірлердің жастарына білім беріп, оларды  кадр тапшы аймақтарға жұмысқа орналастыруға  мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде мендегі бар деректерге сәйкес 12,5 мың жас маман оқу орындарында дайындалып жатыр. Мұнан өзге 20 мыңдай адам «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша еңбек күші тапшы аудандарға көшірілді», –   деді Елбасы.

Мемлекет басшысы солтүстікте де, батыста да, шығыста да жұмыс күші аз өңірлер бар екендігін, ал оңтүстікте жұмыс таппай бос жүрген жастар көп екенін баса айтты. Сонымен қатар Елбасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновадан бүгінгі күні солтүстік өңірге қанша адам көшкенін сұрады.

«Бұл бағдарлама аясында биылдың өзінде 329 отбасын Оңтүстік Қазақстаннан Солтүстік, Шығыс Қазақстан облыстарына көшірдік. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы мен Оңтүстік Қазақстан облысы  әкімдіктері арасында өте тығыз байланыс орнатылып, жұмыс жүргізілуде. Ал жастарды Білім министрлігі қосымша жіберіп жатыр. Солтүстік Қазақстанның өзіне биыл 3 мың адам оқуға жіберілді. Біз «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы қаражатын беріп жатырмыз. Ал Білім министрлігі жастарды жіберуде», — деді Т.Дүйсенова.

Осы орайда ҚР Президенті солтүстіктегі кәсіптік-техникалық оқу орындарының үштен бір бос тұрғанын қаперге салды. «Сол жерде 1-1,5 жылдың ішінде оқыту керек. Бұл тегін ғой.  Біз бірінші техникалық білімді тегін береміз деп жарияладық», — деді Мемлекет басшысы және  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтан оңтүстік отбасыларын солтүстікке көшіру жұмыстары жайында сұрады.«Жоспар бойынша 101 отбасы еді. Бірақ 111 отбасы көшіп келді. Ал енді Оңтүстік Қазақстанға  көшіп келуге ниет танытып отырған 700 отбасы бар. Жалпы, мұның өңірге оң ықпалы бар екендігін атап өткім келеді. Біз алғаш рет жабылып қалған мектепті қайта аштық.  Мектептер жабыла бастаған еді, енді көшіп келген отбасылардың арқасында қайта аша бастадық», –  деп жауап берді  облыс әкімі.

 ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық