jasqazaq.kz

Солтүстікте 530 адамның қос азаматтығы бар

24 желтоқсан 2016, 14:37

Жол қозғалысы мен көші-қон жағдайын жақсарту туралы өзекті мәселелер СҚО ІІД консультативтік-кеңесші органының отырысында қаралды.  Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Дәурен Қазбеков жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша қолданыстағы шаралар туралы айтты. Жылдың басында 204 жол көлік апаты тіркелсе, бұл көрсеткіш  былтырғы жылмен салыстырғанда 14%-ға азайған. 670-тен астам тас жолды тексеру жүзеге асырылып, нәтижесінде кемшіліктерді түзетуге 576 нұсқама берілді. Қыс мезгілінен бері полиция мен атқарушы органдар жол күтімін қадағалайтын лауазымды тұлғаларды әкімшілікке жауапқа тартты. ККО мүшелері бұл мәселені келесі жылдың басында мүдделі ведомствалардың қатысуымен қарайды. Көші-қон жағдайының бақылануы туралы көші-қон полициясының бастығы Еркетай Туткушев айтып берді. Жылдың басынан бері облыста еңбек иммигранттарына 2 мың рұқсатнама берілген, 20 мыңнан астам шетел азаматтары уақытша тіркелген. Қазақстан азаматтығын 178 адам, оның ішінде 74 оралман алды. Көші-қон заңнамасын бұзған 3140 шетелдік анықталып, 49 қылмыстық іс қозғалды. Облыста қос азаматтағы бар 530 адам анықталып, 80 адам әкімшілік жауапқа тартылды.   Консультативтік-кеңесші органының отырыс нәтижесін СҚО ІІД бастығы Берік Біләлев жедел-қызметтік іс-әрекет көрсеткіштерін мәлімдеп, қорытындылады.

ҚазАқпарат 

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық