jasqazaq.kz

Солтүстікке қоныс аударатындарға баспана берілмейді

15 наурыз 2017, 23:00

Оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аударатындарға енді баспана берілмейді. Тек пәтер жалдау ақысы төленеді. Бұған дейін бағдарлама аясында екі жыл ішінде солтүстік облыстарға 19 мың адам көшкен.

Оларға 5 600 пәтер беріліпті. Бүгін Сенатта халықты жұмыспен қамту жайында есеп берген министр Тамара Дүйсенова осылай деді. Ал «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы биылдан бастап тоқтады. Оның орнына жаңа құжат қабылданды. Ол «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» деп аталды. Көші-қон бағыты жаңа бағдарламада бар. Бірақ әлгіндей басымдықтар берілмеген. astanatv.kz хабарлағандай, Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: Берілетін пәтерақы көлемін былайша белгіледік. Әр отбасы мүшесіне 35 АЕК. Адам басына қарай субсидия 34 мыңнан 68 мың теңгеге дейін. Егер отбасы бір адамнан ғана тұрса 20 АЕК көлемінде беріледі. Ол шамамен 45 мың теңге. Ал отбасында 2-4 мүше болса 25 АЕК. Осылай отбасындағы адам санына қарай теңестірдік. Қазақстан аумағында халықтың орналасу тығыздығы тепе-теңдігін жоғалтқан. Бұлай жалғасса, 2050 жылға қарай оңтүстік халқының саны 5,2 млн-ға артады. Ал солтүстік тұрғындары керісінше, 1 млн-ға кемиді. Қазіргі уақытта халықтың 38 пайызы Оңтүсік облыстарда өмір сүріп жатыр. Солтүстікте тұратындар 17 пайыз ғана. Ал туу мен өлім көрсеткіші бойынша күнгейде 100 нәрестеге 12 қарт адамнан келеді. Теріскейде 100 сәбиге 53 қарияны құрайды.

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық