jasqazaq.kz

Солтүстік Корея президенті әлемге бұрынғыдай қауіп төндіре беретіндігін мәлімдеді

02 қантар 2017, 15:30

Солтүстіккореялық құрлықаралық баллистикалық зымыранның жобасы аяқталуға жақын. Бұл туралы КХДР президенті Ким Чен Ын халыққа жаңа жылдық үндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews.

baq.kz хабарлағандай, Солтүстік Корея көшбасшысы өз елінің мұндай қадамға амалсыздан барып отырғандығын атап өтті. Оған басты себеп — АҚШ пен Оңтүстік Кореяның агрессиялық саясаты. Алдағы жылы да КХДР өзінің әскери күш қуатын одан әрі арттыра бермек.

Алайда Оңтүстік Корея билігі солтүстіктегі көршілерінің бұл әрекетін айыптап, олардың әскери салада жеткен жаңа жетістігіне күмәнмен қарады.

«Ким Чен Ынның халыққа үндеуінде жаңа ештеңе айтылған жоқ. Ал ядролық бағдарламаға тоқталсақ, Ким арандату саясатын одан әрі жалғастыра бермек. Мұны өз мемлекетін қуатты ядролық держава жатқызып, құрлықаралық баллистикалық зымыранның жобасы аяқталуға жақын деуінен көруге болады», — деді біріктіру жөніндегі министрліктің өкілі Чон Чжун Хи.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Пхеньяннан баллистикалық зымырандар жасау мен зерттеуді тоқтатуды бірнеше рет талап еткен болатын. Алайда КХДР билігі бұл ескертулерді құлағына ілмей отыр, тіпті Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімнің де күшін мойындамаған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық