Соғымыңды сайладың ба?

12 желтоқсан 2016, 17:57

Солқылдақ балапан қайыңның ұшар басына қонақтаған мамық қар қараған жанның жанарын жасытып, көз қарықтырып, күміс сәукеле тәрізді төңірегіне уыс-уыс сәуле шашып тұр. Биік көктен билеп ойнап жауған қар кең даланың керіскідей керілген кеудесін кіршіксіз ақ мамықпен қымтап, сай-саланы тегістеп, жып-жылмағай қылған. Қайың шоқтың бауырындағы жүз қаралы жылқы тебіндеп жүр. Биыл жаз ерен ылғалды болды. Шөп те бітік шықты. Ауыл елдегі мал ұстаған ағайын керегін шауып, жинап алғанымен, шалғы тісі тимеген қырдың, ағаш бауырының шөбі мұрты бұзылмай сол күйінше қар астында қалды. Арғы жылғыдай емес, биылғы қыс жылқы малына жайлы болмақ. Жаз бойы қамап ұстағаннан кейін күйі тайған қос-қос жылқы еркіндікке енді жетіп, әлі бояуы да оңа қоймаған жоңышқаны жайпап жатыр.
Жылқы іздеп шыққан Қонысбай мал иесімен ұзақ саудаласқан. Тастап кетейін десе, кзі қимайды. Алайын десе, бағасы удай. Мал иесі жеті жасар бие дегенімен, ел ішінде скен бала емес пе, жылқы жайын жетік білмесе де қарагер биенің нақ бір 10-12 қар басқанын іштей шамалап тұр. Бие болғанда да кшелі, шоқтығы биік, жаясы бір адам крпе тсеп еркін жатқандай етті мал екен. Мал иесі семіртілмесе де, дәл қазір жығып алса, екі елі еркін шығатын қарагер биенің құнын 400 мыңнан түсірмей қойды. Сауданың сәті келмегеннен кейін амал жоқ, кері бұрылған Қонысбай қалаға жеткен соң, облыс орталығында сатуға арнап мал ұстайтындармен тілдесті. Базар жағалап жылқы етін сатып тұрғандардың нарқын білді. Сйтсе, биылғы жылы жылқы еті ткен жылғымен салыстырғанда біршама қымбаттапты. Оның себебін Қонысбай елге барғанда естіп келген. Бұрынғыға қарағанда, елдегілердің қолында жылқы малы азайған. <сіресе былтырғы жылы қыс ішінде жаңбыр жауып, жылқы малы жұтқа ұшырады. Содан соң қара мал ұстаушылар кбейген. йткені, жылқыға қарағанда қара малды ткізу оңайлау, әрі бағасы да әне бір жылдағыдай емес, жілігі татымды. Оның үстіне мал тұқымы азған, әсіресе жылқы малы. Үйірге салар құтпан айғырлар кзден бір-бір ұшқалы тайың жабағы, жабағың құлынға ұқсап кішірейіп барады. Ал шоқ жұлдыздай шағын ауылдағы азды-кпті мал ұстаған ағайындар бірігіп, ортадан ақша шығарып тұқымы тәуір, етті, кшелі айғыр сатып алып, жылқы тұқымын жақсартуға, жаңартуға зара келісе бермейді. Ұсыныс жасаушылар бар да, ұйымдастырушылар жоқ. Айғыр жаңартылмағасын жылдан-жылға жылқының тұқымы азып, денесі шағынданып, крер кзге шгіп барады. Қонысбай орталық базардағы еттің бағасын шолып тті. Бармақ, екі елі қазысы бар жылқы еті әр келісі 1500 теңгеден сатылып жатыр. Осы арада тұрып, елден ет таситын делдалдармен сйлесті. Олар да кәсібінің қыр-сырын клденең кк аттыға ашылып айта бермейді екен. Абырой болғанда, облыс орталығында бір мектепте оқыған Аллаберген жолықты. – Осы жұрт біз сияқты етпен айналысатын кәсіпкерлерді оңай ақша табатындар деп есептейді. Осы жолы саған тірік, маған шын жылқы іздеп бармаған жерім жоқ. Мың шақырым жол жүріп келдім. Ел ішінде тақа бір қысылғандар болмаса, дәл қазір топырлатып жылқы сатып жатқандар жоқ. Бәрі соғымның бағасын тосып отыр. Баға болғанда да қатып қалған тұрақты баға жоқ. Сауданың сәтіне орай, кейде арзан мал кездесіп қалады, онда да шұғыл қаражат қажет болып қысылған тіреу болса.
Дәл қазір ірі биелер 350-400 мың, байтал, құнандар – 300-ден 350-ге дейін, семіртілген тайлар – 250 мыңға жетіп қалды. Ал, табыннан семіртілмеген тайларды 180-200 мың теңгеге дейін алуға болады. Бірақ, оны семірту үшін де біраз еңбек ету керек. Айталық, табыннан семіртілмеген жылқыны алсаңыз он бір тонна шп, бір тонна жем керек дейік. Қазір жемнің бір тоннасы 15000 теңгенің тңірегінде, шптің бір тоннасы 15-20 мың теңге тұрады. Оның үстіне күнделікті соғым семірткен з еңбегіңізді қоссаңыз сол баға шықпай ма. Айтпақшы, ұмытып бара жатыр екенмін, жердің түбінен алған жаңағы тайды тасып әкелу үшін клікке де қаражат керек емес пе. Бір сзбен айтқанда, оңай шаруа емес. Аспаннан құймақ жауып жатса, елдің бәрі етпен айналысып кетпес пе еді. Кейбір сапарымызда әкелген малдың үстінен 20-30 мың теңге пайда тапсақ, кейбір итіміз қырын жүгірген сәтте клігіміз сынып, оны жндетуге 70-80 мың теңге шығындалып жатамыз. >йтеуір, қарап отырғаннан тәуір ғой деп қаланың жатағы мен ауылдың мал баққан ағайынының арасын жалғау ғой біздікі. Ауыл сол бірді-екілі малдың арқасында күн кріп отыр. Сол мал баққанды және біз сияқты тапқанды асырап тұр. Базарға келген тұтынушылардың да з пікірі бар екен. – Халал базар ашылса, – деп қиялдайды бір тұтынушы, – немесе осы ет сататын базардың бұрышында арнайы бір орын болса, әйтпесе, жалпақ жұрт мұсылманшылыққа ден қойып, дінге бет бұрғанда мына жердегі кейбір іс кңілге қонбайды. >не крдіңіз бе, халал мен харам мидай араласып жатыр. Шошқаның етін тасыған арбамен жылқы, сиырдың еті де тасылады. Екеуі бір пышақпен блінеді, бір таразыда лшенеді. Сосын адалдық қайдан болсын. Ертеректе Ккшетаудың з басында «Сыбаға» дүкені ашылғанда, Алаш баласы қуанғаннан бріктерін аспанға атқан. Кейін «Сыбағаның» да бізге деген сыбағасы азайып, біржола жабылып тынды. Кәсіпкерлер үшін халал дүкенін ашу, малын адалдап сойып, дастарқанына адал ас қойғысы келетін құдай бір, пайғамбар хақ дейтін жамағаттың сауабын алу түрен түспеген тың тақырып. Жылқы бағасының қымбаттауына мал басының азаюы да әсерін тигізсе керек. Алдыңғы жылы қыс қатты болып, табындағы жылқының басым кпшілігі құлын тастады. Сондықтан да биылғы жылы тайлар аз. Халықтың қолындағы малдың бағасы қымбат деп айтуға болмас. Қазір арзан не бар? Азық-түліктің басқа түрлерінің бағасы сәл ктерілсе, бәрі ұлардай шуласа кетеді. Ал еттің бағасы скені ең алдымен, елдің еңсесін ктеріп, күнкрісін жақсарту үшін тиімді дүние. Қазір ауылдағы ағайын қара малдың басын кбейте бастады. Ерінбей еңбек еткендерге мал баққан те тиімді. >не бір жылдары алып-сатарларға жалынып жүріп 50-60 мың теңгеге әзер ткізетін гізшелер салмағына орай 200 мың теңгеге дейін шығарады. Сонда қолында азын-аулақ техникасы бар малсақ ағайын 5-6 сиыр бақса, жылына бір миллион теңгені дңгелетіп тұр емес пе. Тек бір кініштісі, әлі күнге дейін кешегі кеңес заманынан қалған масылдық пиғылдан арыла алмай отыр. >не бір кезеңде нан бағасы скенде бидай аз шықты, наубайханаларға ұн қымбат бағамен жеткізіледі, сондықтан ктеріліп отыр деп түсіндірді ғой. Ал биыл астық ырғын, тіпті қайда сыйғызарын білмей елдің басы қатып жүр. Енді неге нан арзандамайды?! Нарық дегеніңіз сол. Баға бір ктерілмесін, бір ктерілсе, қайтіп түсу жоқ. Қонысбай базардан бәтуа шықпағаннан кейін жарнамалық газет сатып алып, жан-жаққа телефон шалсын. Сйтсе, облыс орталығында мал ұстайтын ағайынның қойып отырған бағасы елдегімен салыстырғанда 20-30 мың теңгеге жоғары екен. Енді қайтсін манағы Аллаберген айтпақшы, әркімнің де күн кргісі келеді. 1990 жылдары шалғайдағы Уәлиханов ауданының Сілеті зенін жағалай қонған ауылдарында жылқы малы тым арзан болатын. Сол жаққа қатынаған алыпсатарлардың бір жылқыны бес қап ұнға, үш қап қантқа айырбастап алдық деп рітпігенін де естіген бұл ел. Қонысбай сол ңірдегі Чапай ауылында тұратын Еркін Жұмабаев деген танысына телефон шалды. – Он-он бес жыл бұрын жылқының арзан болғаны рас, – дейді Еркін. Қазір мал бағасы Ккшетауыңның зінен қымбат болмаса, арзан емес. Біздегі жылқының бағасын ктеріп тұрған астаналық ағайындар. Астана базарында ет бағасы тәуір болғаннан кейін, әрі кең жазира Кксеңгірдің қырық сан шүйгін шбіне семірген, Сілетінің млдір таза суын ішкен жылқы етінің дәміне астаналықтар үйреніп алған. Біздің ңірдің жылқысы десе, қызыл крген қырғидай ұмтылады. >рі оның үстіне қазір әр ауылдың з кәсіпкерлері шықты. Арзан мал болса күні бұрын сұрастырып құлақтанып жүреді де, ктере сатып алып, Астананың базарына тоғытады. Қара күз бойы Елордада дүркін-дүркін жәрмеңкелер ткізіліп, ет бағасы сәл арзандады. Қонысбай сұрастыра келе, қалтасы жұқа қазаққа сәл арзандау жылқыны Қызылту ңірінен, әйтпесе, іргедегі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданымен шектесетін орыс селоларынан табуға болатындығын түйсінді. Бағзы заманда Ата қазақ «жылқының еті жесең тісіңе, жемесең түсіңе кіреді» десе керек. Тісіңізге тисін десеңіз, соғымыңызды осы бастан қамдай беріңіз, әйтпесе, түсіңізге ғана кіреді.

Байқал Байәділов

Бүгін, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
Бүгін, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді