jasqazaq.kz

СҚО-да жалған дипломмен ұсталғандардың басым бөлігі — мұғалімдер

05 қантар 2023, 16:43

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр жоғары оқу орнының жалған дипломын пайдаланудың 80 дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, облыста ай сайын жоғары білім туралы жалған дипломдарды пайдаланудың орта есеппен 6 дерегі тіркеледі.

2022 жылы облыс прокуратурасы жоғары білім туралы жалған құжат пайдалану фактілерін тіркеудің жиілеуіне байланысты осы санаттағы қылмыстық істерге талдау жүргізді.

«Өткен жылдың 21 қазаны мен 8 қарашасында Мүсірепов ауданының полиция бөлімі ауданның орта мектептеріне мұғалімдер жұмысқа орналасу кезінде Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жалған дипломдарын пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. «Мұғалімдер» кадр бөліміне «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша диплом ұсынған. Алайда, тергеу барысында олардың бұл жоғары оқу орындарында оқымағаны анықталды. Жалпы, өткен жылы осындай 80 факт тіркелді», — дейді СҚО прокурорының орынбасары Мұрат Қожамқұлов.

Маманның айтуынша, мұндай істердің көпшілігі қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты тоқтатылды.

Бірақ бұл адамдар қылмыс жасады деп саналады.

«ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына сәйкес жалған диплом ұсынған мектеп мұғалімдері, балабақша қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Іс материалдарын зерделеу негізінен Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «педагогика және бастауышта оқытудың әдістемесі», «орыс тілінде оқытпайтын мектептерде орыс тілі мен әдебиеті», «туризм», «мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «физика және математика», «химия және биология», «еңбек технологиясы және кәсіпкерлік», «кәсіптік оқыту», «дене шынықтыру және спорт», «музыка педагогы», «орыс тілі мен әдебиеті», «информатика» және т. б. мамандықтары бойынша, сондай-ақ, Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «педагогика және психология» мамандығы бойынша және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «дене шынықтыру және спорт», С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «орыс тілі мен әдебиеті» және басқа мамандықтар бойынша жалған құжат ұсынылатынын көрсетті», — дейді облыс прокурорының орынбасары.

Қадағалау органы дипломдарды тікелей қолдан жасаған адамдарды анықтау қиын болғанымен, оларды пайдаланғандарды анықтау қиындық тудырмайтынын атап өтті.

Ал көрінеу жалған құжатты пайдаланғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ 160 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшердегі түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде