«Әскери қызмет – абыройлы міндет»

04 мамыр 2017, 21:50

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуының 25 жылдығы және Ұлы отан соғысының 72-ші Жеңіс күнін атап өту қарсанында рухани-адамгершілік құндылықтарды, азаматтық ұстанымды, Отанды қорғауға дайындықты, ұлттық дәстүрлердің негізіндегі патриоттық тәрбиенің аспектілерін қалыптастыруда ер адамның тәрбиесінің рөлін арттыруға мақсатталған «Ерлік тағылымы – урок мужества» атты жалпы республикалық акциясын жалпы білім беретін мектептер мен арнаулы — орта оқу орындарының арасында кездесу өтті.

Аталған шара «Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Отбасылық құндылықтарды насихаттау және отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру» — атты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры, Ақмола облысының Прокуратурасы, Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Ақмола облысы білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

 

Шара барысында Ақмола облыстық прокурорының аға көмекшісі Еркеш Қосман жастар арасындағы қылмыс және олардың алдын алу шараларына баса назар аударып, құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарамауға шақырды. Ауған соғысының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, запастағы полковник, Ақмола облысының «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ыбрай Дуанбай  ауған соғысында өткен қиындық пен қайғылы оқиғаларды еске алып, жиналған жас буын өкілдерімен бөлісті. Жиналған жастар Ауған соғыс ардагерінің басынан кешкен оқиғасын қызығушылықпен тындады. Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің офицерлермен жұмыс және кадрлық бөлім басшысы Дәулет Тілеубаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылу тарихын баяндап, 25 жыл ішіндегі Қарулы күштердің жетістіктеріне тоқталды. Шара барысында сөз алған Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік универститенінің жанындағы көпсалалық колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Олжатай Жакин қазіргі таңда аталмыш іс-шаралардың жасөспірімдерге тәлім – тәрбие беруге маңызы зор екендігін ашып айтты.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының 3 курс курсанты Жанат Жұмажанов өзінің құтқарушы болуға ынта қойып, арманына жеткеніне қуанып жастарға осы салада әр қашан мамандықтың қажеттілігіне назар аударып, студент кезінен көктем айларында орын алатын су тасқынында Атбасар ауданында қалай құтқару жұмыстарына қатысқаны туралы айтқанына  жиналған жастар қошемет білдірді.   

Шара сонында Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті сарбаздары қаруды жинау тәсілін жастарға көрсетті. Қару жинау тәсілін көрсету барысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері қызығушылық таңытып, белсенді атсалысты. Сонымент қатар Көкшетау қаласындағы №1 Құрылыс-техникалық колледжінің студенттері өз  өнерлерін ортаға салды.

 

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде